Диагностикалық зерттеулерге дайындық ережелері

«Қан тапсыру» процедурасына пациентті дайындау

  1. Бір қатар талдаулар аш қарынға жасалады. Мысалы, биохимиялық (глюкоза, холестерол, билирубин және басқалар)  және серологиялық тесттер (сифилис, гепатит В), гормонддар (ТТГ, паратгормон) және басқалар. «Аш қарынға» — соңғы қабылданған ас пен қан алу арасында 8 сағаттан кем болмауы тиіс  ( мүмкіндігінше — 12 сағаттан астам). Шырын, шай, кофе, әсіресе қантпен — ол да тамақ, сондықтан шыдау қажет. Су ішуге болады.
  2. Тек аш қарынға (12-сағаттық ашығудан кейін) келесі параметрлерді анықтау үшін қан тапсыру қажет: липидтік  профильді: холестеролды, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтерді.
  3. Қанның жалпы талдауын жүргізу алдында соңғы асты талдауға дейін 1 сағат бұрын қабылдау қажет: Таңғы асқа тәттісіз шай,  сүт  және май  қосылмаған ботқа , алма  жеуге болады.
  4. Тексеру алдында 1-2 күн бұрын рационнан майлы, қуырылған  тағамдарды және алкогольды  алып тастау қажет: бір күн бұрын отырыста болсаңыз — зертханалық тексеруді 1-2 күнге қалдырыңыз. Талдауға дейін 1 сағат бұрын темекі шегуден бас тартыңыз.
  5. Қанның жалпы талдауының құрамында тәуліктік өзгерістер орын алуы мүмкін,сондықтан бір қатар талдаулар үшін қанды тәуліктің нақты бір кезінде тапсырған жөн. Мысалы, кейбір гормондарға  (ТТГ және паратгормон) және қандағы темірге қанды таңғы 10-ға дейін тапсырады.
  6. Көктамырлық қанды тапсырғанда талдаудың нәтижесіне әсер ететін факторларды шектеу қажет: физикалық жүктеме (жүгіру, баспалдақпен көтерілу), эмоционалдық күйзеліс. Сондықтан, процедураның алдында  қабылдау бөлімшесінде 10 — 15 минут  тынығып, демалу қажет.
  7. Кейбір кезде дәрігер тағайындаған зерттеуге пациент қандай да бір себептермен (сыртқаттану, жүктілік, уақыттың жетіспеушілігі) медициналық кеңсеге келе алмады:  Зерттеуге қанды дәрілік препараттарды қабылдауға дейін тапсырады (мысалы, антибактериальдық немесе химиотерапевтикалық) немесе олардың қабылдауын жойылған күнінен 10 — 14 күннен кейін зерттеу жүргізед /қандағы дәрілік заттың мөлшерін анықтау жағдайларын есептемегенде   (мысалы, вальпроев қышқылын, антиконвульсанттарды)/. Дәрі қабылдап жүргеніңіз туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз.
  8. Рентгенографиядан, ректальдық зерттеуден немесе физиотерапевтикалық процедуралардан кейін талдау жасауға болмайды..
  9. Репродуктивтік жастағы әйелдердің (шамамен 12 — 13 жастан бастап климактерикалық кезеңнің басталуына дейін) гормоналдық зерттеулердің нәтижелеріне менструалдық циклдің кезеңдеріне байланысты физиологиялық факторлар әсер етеді.  ФСГ, ЛГ, пролактин, эстриол, эстрадиол, прогестерон гормондарына зерттеу жүргізу алдында циклдың фазасын көрсету қажет. Жыныстық гормондарға зерттеу жүргізу кезінде менструалдық циклдың күні жөніндегі емдеуші дәрігердің нұсқауын қатаң сақтау қажет.
  10. Инфекцияны анықтау үшін зерттеу жүргізгенде инфекциялану кезеңіне және иммундық жүйенің жағдайына байланысты әрбір науқастың талдауы теріс нәтиже беруі мүмкін.  Бірақ, теріс нәтиже инфекцияның болмауын растамайды. Толық анықтау үшін талдауды қайта жасау қажет.
  11. Әртүрлі зертханаларда зерттеудің түрлі әдістері және өлшеу бірліктері қолданады. Сіздің нәтижелеріңіз дұрыс болсын десеңіз зерттеулерді  бір зертханада және бір уақытта жасаңыз.  Осындай талдауларды дұрыс салыстыруға болады.

 Қанның зерттеулері

 Гемостазиологиялық зерттеулер үшін — әйелдерге менструациядан  7 күннен соң ғана тапсыруға болады;  гинекологиялық отадан кейін келесі менструацияны күту керек және аяқталғаннан кейін 5 күннен соң тапсырады.

Гормондардың деңгейін анықтау үшін қанды сағат 11 дейін тапсыру қажет.  Қан тапсыру алдында тынығу қажет  (30-40мин,   АКТГ, кортизол, пролактин және гомоцистеинге қан тапсыру алдында). Зерттеу жүргізу кезінде менструалдық циклдың күні жөніндегі емдеуші дәрігердің нұсқауын қатаң сақтау қажет.

Биохимиялық зерттеулерге қанды аш қарынға тапсырады  (соңғы тамақтанудан кейін 8 сағаттан соң тапсырылады). Сағат 11-ге дейін тапсырады.Артық тамақтануға болмайды.

 Холестеринге, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтерге зерттеу кезінде қанды тек аш қарынға тапсырады, 12 — 14  сағаттық ашығудан кейін.

Глюкозаға тексеру жүргізу алдында тіс пастасымен тістерді шаюға, сағыз шайнауға болмайды.   Инфекцияларға және басқа антиденелерге тексеру жүргізу үшін қанды аш қарынға тапсырған жөн, қан тапсыруға дейін 4 сағат бұрын  соңғы асты қабылдайды.

 Зәрдің талдауы

Зәрді жинау алдында сабынды, гельді және түрлі антисептиктерді қолданусыз жыныс органдардың гигиеналық тазалауын жүргізу керек. Тексеру алдында зәрдің түсін өзгертетін жеміс-жидектерді  жеуге (қызылша, сәбіз), диуректиктерді қолдануға болмайды. Әйелдерге менструация кезінде және одан кейін (2-3 күн) зәр тапсыруға болмайды, бірақ, қажет болғанда, зәрге шығыстардың түсуін болдырмау үшін іншекке тығын салады.

Жалпы клиникалық зерттеулер үшін  түні бойы жиналған ең бірінші таңғы зәр алынады. Бірінші бөлігін унитазға жібереді (бірнеше миллилитр), содан кейін, 50-100мл зәрді контейнерге жинау қажет.

Нечипоренко бойынша зәрдің талдауы. Түні бойы жиналған таңғы зәрдің ортаңғы порциясын жинайды. Зәрдің бірінші порциясын 15-20мл унитазға жібереді, ортаңғы порциясын 50-70мл алдын ала әзірленген контейнерге жинайды, қалған зәрді унитазға жібереді.

Тәуліктік зәрді жинау үшін  көлемі 2-3литр контейнер дайындау қажет.  Тәулік бойы зәр жиналады.  Бірінші күні таңертең қуықты унитазға босатады, содан кейін күні, түні және екінші күні таңертен жиналған барлық зәрді тоңызатқышта (+2+80С температурада) сақталатын ыдысқа жинайды. Жинау аяқталған соң тәулік бойы жиналған зәрдің мөлшерін белгілері бар ыдысты / құмыраны қолдана отырып өлшеу қажет.  Зәрдің жиналған көлемін жазып алады. Зәрді мұқият араластырып, жалпы жиналған зәрдің 100мл пластик контейнерге құю қажет.

Зәрді қабылдау пунктіне жеткізген кезде –  тәулік бойы жиналған зәрдің көлемін (тәуліктік көлемді) тіркеушіге хабарлайды.   

  Зимницкий бойынша зәрдің талдауы . Зерттеуге зәрді 24 сағат бойы жинайды, түнгі уақытта да жинайды.Сынама үшін 8 ыдыс дайындайды, әр ыдыста зәрді жинау уақыты (жинау уақытының интервалы) белгіленеді.  Бірінші күннің таңғы 06.00-да қуықты унитазға босатады, содан кейін, әрбір 3 сағат сайын зәрдің толық порциясын жинау уақытына сәйкес бөлек ыдыстарға жинайды (сағат 9-12:00, сағат 12-15:00, сағат 15-18:00, сағат 18-21:00, сағат 21-24:00, сағат 24-3:00, сағат 3-6:00, келесі күннің таңғы сағат 6-9:00).  Ыдыс толып қалған, бірақ, кіші дәретке барғыңыз келген жағдайда қосымша ыдыс алады, бірақ, дәл сол уақытты белгілейді.   3 сағат бойы кіші дәретке барғыңыз келмеген жағдайда тиісті уақытты көрсете отырып, ыдысты бос қалдырады. Зәрді жинау кезінде ыдысты t +2+80С сақтайды. Зәр жинауды келесі күннің таңғы сағат  9:00 бітеді. Барлық ыдыстарды, оның ішінде, бос және қосымша ыдыстарды  Қабылдау пунктіне жеткізеді.

Нәжістің зерттеуі

Жаңа жиналған нәжісті зерттеуге алады. Тексеру алдында ішті жүргізетін дәріні, белсендірілген көмірді, құрамына темір, мыс, висмут кіретін препараттарды,  тікішек супозиторийін қолдануға болмайды. Нәжіске су немесе зәр түсірмеу қажет. Әйелдерде менструация кезінде талдау жүргізуге болмайды, бірақ, қажет болғанда,  нәжіске  шығыстардың түсуін болдырмау үшін іншекке тығын салады. Нәжісті клизмаларсыз және ішті жүргізу дәрілерсіз жинау қажет. Нәжісті жинау алдында кіші дәретке отырып, гигиеналық процедураларды жүргізу қажет.

Нәжісті таңертең жинаған жөн. Нәжісті әр жерден алып, бір реттік контейнердің 1/3 көлемінен асырмай және бір шай қасығының көлемінен кем емес мөлшерде  салады.

МРТ- зерттеуі

1.МРТ зерттеуіне пациентті дайындау
а) Түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
б)  Пациенттің киімін ауыстыру .
в) Пациенттегі барлық металл заттарды алып тастау (есту құралдары, әшекейлер, пирсинг, тіс протездері)
г) Тұрақты канюляны көктамырға  орнату.
2. Пациентті тіркеу.
3.Науқасты аппаратта дұрыс орналастыру, құлаққалқандарын кигізу, катушканы орнату

4.Зерттеуді жүргізу

Пациентті зерттеуге дайындау: ішперде қуысы органдарының және ішперде артындағы аймақтың МРТ. МРТ жүргізу алдында 24 сағат бұрын көмірсуларсыз диета ұстау қажет. Зерттеуді аш қарынға жүргізеді.

Пациентті зерттеуге дайындау: кіші жамбас органдарының МРТ. Кіші жамбас органдарының МРТ жүргізу  алдында кешке қарай  тазалау клизмасын жасайды. Тексерудің алдына 2 сағат бұрын тамақ пен судан бас тарту қажет. Кейбір  жағдайда екі но-шпа таблеткасын қабылдау ұсынылады.

Қарсы көрсетімдер: абсолютті және салыстырмалы

а) абсолютті – кардиостимулятор, гемостатикалық,  металл қапсырмалары және имплантаттар, 23 аптаға дейін жүктілік.
б) салыстырмалы – клаустрофобия,  23 аптаға дейін жүктілік (өмірлік көрсеткіштері бойынша).
Дайындаудың мақсаты:   дұрыс жатудың маңыздылығын пациентке түсіндіру

Ұлтабардың, асқазанның, өңештің рентгенологиялық зерттеулері
Метеоризмнің профилактикасы үшін 2-3 күн бұрын газдың жиналуына әкелетін тағамдарды рационнан алып тастау: көкөністер, жемістер, сүт, қара нан.
Зерттеуді асқазанға жүргізеді, сондықтан, зерттеудің алдында пациент 20 сағат ас  және су қабылдамауы тиіс.  Іштің қатуы орын алған кезде дәрігердің  тағайындауы бойынша бір сағат сайын 1,0-1,5 литр сумен 2 тазалау клизмасын жасайды немесе  «фортранс» (0,5 л суға 1 пакет) қабылдайды.

Ирригоскопия
2-3 күн бұрын газдың жиналуына әкелетін тағамдарды рационнан алып тастау қажет: қара бидай наны, сүт, картоп, орамжапырақ, алма, жүзім.
Сұйық, тез сіңетін тағамдар ұсынылады.   Зерттеу алдында 1 күн бұрын  сағат 15.00-де «фортранс» (0,5 л суға 1 пакет) қабылдайды.  сағат 18.00 , 19.00  1,5 литр сумен   1 сағат  арақашықтықпен  2 тазалау клизмасын  жасайды.Зерттеу күні сағат 6.00, 7.00-де «таза су » нәтижесіне  дейін 1 сағат арақашықтықпен 1,5 литр сумен 2 тазалау клизмасын жасайды.  Пациент тамақ , су ішпеуі және дәрі-дәрмектерді қабылдамауы тиіс.

Гастроскопия мен бронхоскопияға дайындау

Фиброгастродуоденоскопия және фибробронхоскопия аш қарынға жасалады. Зерттеуді таңертең жүргізген дұрыс. Зерттеу алдында кешкі тамақты сағат 21.00-ге дейін қабылдау қажет. Пациент зерттеуге өзімен бірге ауыстыратын аяқ киім мен сүлгі әкеледі. Өңешке немесе трахеяға түсуді болдырмау мақсатында алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп қою қажет.

Колоноскопияға дайындау

Зерттеуге дейін 3 күн бұрын диета ұстау қажет.

Болмайды:

ет, қара нан, жас көкөністер мен жемістер, жасыл көк, бұршақ, саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар, дәні бар тәтті қайнатпалар,  оның ішінде, майда дәні бар қайнатпалар (қарақат, бүлдірген), жүзім, киви.

 Болады:

сорпа, піскен ет, балық, тауық еті, сыр, ақ нан, май, печенье, компоттар, кисель. Ішіңіз қататын болса, өзіңіз  пайдаланатын  іш жүргізетін препараттарды қолданыңыз.

Зерттеуге дайындалған күні ашығу қажет. Сұйықтықты қалаған  мөлшерде ішуге болады (шай,  сұйық шырындар, газсыз минерал суы ).

  Фортранс препаратымен дайындау

Бір пакетті 1 литр суға ерітеді және дайындалған ерітіндіні 1 сағаттың ішінде ішеді.

Бір кезеңді дайындық  (зерттеу таңғы уақытта жүргізілетін болса): сағат  15.00-19.00-Фортрансты қабылдау – 4 л ерітінді.

Екі кезеңді дайындық (зерттеу түстен кейін жүргізілетін болса): сағат 17.00-19.00- Фортрансты қабылдау – 2 л ерітінді;  келесі күні сағат 7.00-9.00- Фортрансты қабылдау – 2 литр ерітінді.

  Флит (фосфо-сода)препаратымен дайындау

 Зерттеу таңғы уақытта жүргізілетін болса, препаратты қабылдау тәсілі 

 Зерттеу алдындағы күні:

Сағат 7.00  Таңғы астын орнына 1 стакан сұйықтық ішу (бір стаканның көлемі – 250 мл) (немесе  астам). Таңғы астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет.

Сағат 13.00 Түскі астын орнына үш стакан сұйықтық ішу керек.

Сағат 19.00 Кешкі астын орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Кешкі астан кейін екінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет.

 Зерттеу түстен кейін жүргізілетін болса, препаратты қабылдау тәсілі

Зерттеу алдындағы күні:

Сағат 13.00 Түскі ас жеңіл болуы тиіс. Түскі астан кейін ешбір қатты тағам қабылдамайды.

Сағат 19.00  Кешкі астан кейін бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Таңғы астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Ерітіндіні ішеді, артынан бір стакан су ішу қажет.  Бір кеште шамамен үш стакан су ішу қажет.

 Зерттеу күні:

Сағат 7.00 Таңғы астын орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Кешкі астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет. Сұйықтықты сағат 08.00-ге дейін ішуге болады.

 

Фибробронхоскопияға дайындау

Фибробронхоскопия аш қарынға жасалады. Зерттеуді таңғы уақытта өткізген дұрыс. Зерттеу алдында  сағат 21.00-ге дейін соңғы тамақтану. Пациент зерттеуге өзімен бірге ауыстыратын аяқ киім мен сүлгі әкеледі. Өңешке немесе трахеяға түсуді болдырмау мақсатында алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп қою қажет.

Функционалдық зерттеулерге дайындау ережелері  (СМАД, ЭКГ, ХМ ЭКГ, велоэргометрия, ЭЭГ)

 Велоэргометрияға дайындау

Велоэргометрияға дейін 3 сағат бұрын тамақ қабылдауға болмайды. Күйзелістер мен үлкен физикалық жүктемелерден кейін велоэргометрия жүргізілмейді.  Қандай да бір дәрілік заттар тағайындалған болса, алдын ала дәрігердің кеңесін алыңыз.

Велоэргометрия – физикалық жүктемемен ЭКГ сынамалары – жүктемелік стресс / күйзеліс

Ішперде қуысы органдарының УДЗ дайындау

УДЗ алдында ішуге және жеуге болатын тағамдар

УДЗ қалай дайындалу керек? УДЗ жүргізудің басты шарты – бос асқазан, сондықтан  зерттеуді таңертен жүргізеді. Егер зерттеуді күндіз жасаған жағдайда, жеңіл  таңертенгілік ас қабылдауға болады, бірақ , соңғы қабылданған ас пен зерттеудің арасында 6 сағат өту қажет. Зерттеудің алдында қандай да бір  сұйықтық ішуге болмайды.    Зерттеу таңертен емес, кешірек жүргізілетін болған жағдайда тәттісіз,  қою емес шай ішуге болады.

Ішперде қуысының УДЗ алдында жеуге болмайтын азық-түліктер 

Зерттеуге дейін үш күн бұрын құрамына талшықтар кіретін және газдың пайда болуына әкелетін азық-түліктерді рационнан алып тастау қажет: қара нан, сүт, сүт өнімдері, шикі көкөністер мен жемістер, газдалған сусындар, кондитерлік өнімдер, тары ботқасы.

Бұл шектеулерге төзу өте қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ, әрқашан әрі дәмді әрі пайдалы азық табуға болады.

Осы үшкүндік дайындық кезінде ішектегі метеоризм белгілерін жою қажет,   мезим форте, микразим, фестал ұйқыбез ферменттерінен тұратын препараттар көмектеседі. Сонымен қатар, ішектегі газдарды азайтатын  белсендірілген көмірді немесе эспумизанды екі күн қабылдау қажет. Тәтті тағамдарды рационнан алып тастау қажет.

Зерттеу алдында алкоголь ішпеу, сағыз шайнамау және кем дегенде зерттеуге дейін 2 сағат темекі шекпеу қажет.

Сұйықтық ішу тәртібін сақтау  маңызды, тәулігіне 1,5 литр таза су ішу керек. Көк және тәтті қосылмаған шай ішкен жөн.

Тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын болсаңыз  зерттеу алдында дәрігерге хабарлау қажет.

УДЗ алдында барийді қолдану арқылы  асқазанның  немесе ішектің зерттеуі жүргізілген кезде организмнен барий толық шығып, зерттеу нәтижелеріне әсер етпеуі  үшін  шамамен 2 тәулік күту қажет.

Кіші жамбас органдарының УДЗ дайындау

Гинекологиялық аурулардың диагностикасын  жүргізу, жүктіліктің мерзімін және нәрестенің дамуын анықтау үшін әрбір әйел ультра-дыбыстық зерттеуден өтеді.   Контакттық гельмен кәдімгі УДЗ немесе трансвагинальдық датчиктің көмегімен УДЗ  жүргізуге болады.

Бірінші жағдайда алдын ала дайындық қажет, себебі, кіші жамбас органдарының зерттеуі толық қуыққа жүргізіледі. Зерттеудің алдында 1 сағат бұрын  шамамен 4-6 стакан газсыз сұйықтық ішу керек, әрбір әйелдің қуықты толтырудың өзінің мөлшері болады.

Кіші жамбас органдарының трансвагинальдық әдісі алдын ала дайындықты талап етпейді. Кейбір кезде толығырақ ақпарат алу үшін дәрігер зерттеуді екі әдіспен өтуге ұсынады.

Қуықтың және бүйректердің УДЗ дайындау

Қуықтың зерттеуін өткізу алдындағы дайындық  қуықты сұйықтықпен толтырудан тұрады, яғни, жоғарыда айтылған зерттеу тәрізді зерттеудің алдында 4-6 стакан су немесе газсыз сусын ішу қажет.  Қуық пен бүйректердің УДЗ жасау үшін баратын емханаңыз немесе жеке клиникаңыз алыста орналасқан жағдайда 1-2 стакан су ішіп, қалған сұйықтықты өзімен бірге алып, кезек күтіп отырғанда ішу ұсынылады.

Суды жеткіліксіз ішкен кезде немесе қуық толмаған кезде дәрігер зерттеуді жүргізе алмайды. Судың қажетті мөлшерін ішу қажет.

Қуықасты бездің УДЗ дайындау

Еркектерде қуықасты бездің ультра-дыбыстық зерттеуі екі әдіспен жүргізіледі, олардың біреуі трансабдоминальдық деп аталады және толық қуыққа жүргізіледі. Тазалау клизмасынан кейін жасалатын зерттеудің басқа -трансректальдық әдісі бар. Бұл ыңғайлы және ақпаратты көп беретін әдіс деп есептеледі.

Дайындықты қажет ететін зерттеулердің барлығы туралы айтылды. Ультра-дыбыстық зерттеу қалқанша бездің, жүректің, сүт бездерінің, жұмсақ тіндердің, бұлшықеттердің жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді және осы зерттеулер алдын ала дайындалуды талап етеді.

 

Сүт бездерінің УДЗ дайындау.

Сүт бездерінің УДЗ  – циклдың күнін дұрыс есептегеннен басқа алдын ала дайындықты талап етпейді. Дәрігер  ұсынылған күндері диагностикаға жазылған дұрыс.

Зерттеу кушеткада немесе креслода жүргізіледі, сондықтан өзімен бірге бір реттік сүрткі алып келу қажет.  Сүт бездерінің УД сканерлеуін жүргізу барысында жақсы жылжуды қамтамасыз ету үшін арнайы медициналық гель  қолданлынады. Тексеруден кейін теріден гельді  сүрту үшін алдын ала сүрткі немесе орамал дайындап қою қажет.

УДЗ дайындау.

Қалқанша бездің УДЗ   өткізу   алдында зерттеуге дайылдалу қажет. Қалқанша бездің ас қорыту жүйесіне қатысы болмағандықтан арнайы нұсқаулар жоқ. Нақты тағамдарды шектеу қажет емес, бірақ зерттеу алдында тамақ ішпеу ұсынылады. Яғни, таңертен таңғы асты ішіп, түскі зерттеуге жазылуға болады, бірақ, түскі асты қабылдамаған жөн.