Медициналық статистика және ақпараттық технологиялар бөлімі

Медициналық статистика және ақпараттық технологиялар бөлімшесі Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Аурухананың медициналық статистика және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің ережесі 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес әзірленген.

Өз жұмысында бөлімше Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік актілеріне, бұйрықтарға, өкімдер мен медициналық ұйымдар кеңесінің шешімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сүйенеді.

Смайлова Жаудир Нурлановна - медициналық статистика және информатика бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-статист, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

Негізгі міндеттер:

  • Медициналық-статистикалық, аналитикалық ақпаратты жинау және өңдеу, есептік және есеп беру медициналық құжаттамасындағы деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Бекітілген нысандар бойынша стационар мен құрылымдық бөлімшелер бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық статистикалық есептерді жасау;
  • № 005/у нысаны бойынша «Науқастар мен стационар төсек қорын есепке алу парағы», бөлімше атауы, төсек бейінінің атауын, науқастардың қозғалысын бақылау;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу;
  • Ұйымның ақпараттық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету;
  • Компьютерлік жабдықты техникалық қолдау;
  • Құрылымдық кабельдік жүйелер мен жергілікті есептеу желілерін техникалық қолдау;
  • Жергілікті желі мен серверлерді әкімшілендіруді қамтамасыз ету;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды зерттеу және қолдау;
  • Ауруханада ақпараттық және компьютерлік технологияларды дамытуға қатысу;
  • Аурухана бөлімшелерінде статистикалық есеп жүргізудің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  • Аурухананың барлық бөлімшелерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп өз қызметін жүзеге асыру.

Бөлімше жұмыстарды орындау және келесі бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді қолдау үшін барлық техникалық параметрлерге сәйкес келетін компьютерлермен жабдықталған:

  • «Стационарлық науқастардың электрондық тіркеушісі» (СНЭТ)
  • ЖШС «Даму ақпараттық технологиялар орталығы»
  • Параклиника («Рентген», «Ультрадыбыстық диагностика», «Функционалдық диагностика бөлімі», «Физиотерапия бөлімі», «Компьютерлік томография», «Эндоскопия», МРТ)

Келесі міндеттерді шешуге арналған:

  • стационардан шығарылған науқастарды статистикалық нысан жүйесіне тіркеуді автоматтандыру;

- клиникалық шығындар топтары бойынша емделген жағдайларға ақы төлеуді есептеу (КШТ);

- «Емдеуге жатқызу бюросы порталының» жұмысы;

- «Амбулаторлық-емханалық көмек» порталымен жұмыс;

- «РОКС» порталымен жұмыс істеу;

- «ЕТД» порталымен жұмыс істеу;

- «Медстат» порталымен жұмыс істеу.

 

Бөлім байланыстары:

Телефон: +77(262)-45-83-98
E-mail: taraz_job_omsit@mail.kz