НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ
Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі
Науқастарды қолдау қызметі.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі (Қызмет) құрылды
Осыған байланысты, егер Сіз:
• Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны бопсалау фактісіне тап болсаңыз;
Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқығыңыз бар.
Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз Комиссиялық түрде және Сіздің қатысуыңызбен қаралатын болады. Мәселелерді «Осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешуге болады.
Сізге ыңғайлы болу үшін медициналық ұйымға кірген кезде орналастырылған өтініш жәшігінде сіздің атыңыз, тегіңіз және байланыс деректеріңіз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, сондай-ақ өтінішіңізді медициналық ұйымның сайтында қалдыра аласыз: сайттың мекенжайы https: //zhomb.kz/
Науқастарды қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде, бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қарап, Сіздің өтінішіңзді қарау нәтижелері бойынша Сізге ақпарат береді.
Сіз науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметінің сенім телефонына хабарласа аласыз:
Сіз келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз:
Жұмыс телефоны: 8 (7262) 45-64-08
Жұмыс телефоны: 8 (7262) 45-65-37
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының сенім телефондары:
8 (7262) 43-36-36
2024 жылдың есепті кезеңінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнында 54 шағым тіркелді. Барлығы «Осында және қазір» қағидасы бойынша қаралып, оларға түсініктемелер берілді. Тұрғындардың өтініштерін қабылдаудан бас тартулар болған жоқ. науқастардың қанағаттану сауалнамасы 98,4% құрады.