Жуалы ауданына іс-сапар

Жарияланған күні: 2024-03-27

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы медициналық-стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту бойынша Жуалы ауданына іс-сапармен барды.

Жұмыс сапары барысында Марат Жұманқұлов пен Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батырбек Үсенбаев аудан әкімі Жалғас Алижанұлымен кездесті.

Онда өңірдегі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов жұмыс сапары барысында Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашев Сейтхан Шерелханұлымен кездесті.

Онда өңірдегі ардагерлерді қолдау, оның ішінде қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету мен т.б. күрделі мәселелер талқыланды.