Жаңалық
Жамбыл облысында хирургтарға арналған мастер-класс өтеді
2025 жылғы 16–17 қазан күндері Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында «Ішкі ағзалар мен тамыр патологиясын емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында мастер-класс өткізіледі.
Іс-шараға еліміздің жетекші хирургтары — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының(Алматы) хирургі Аскар Маткеримов және Көпсалалы медициналық орталықтың(Астана) хирургі Серік Жакипбеков қатысады деп күтілуде.
Мастер-класс барысында лапароскопиялық гастрэктомия, гемиколэктомия, өңешті экстирпациялау, сонно-подключичное және бедренно-подколенное шунттау сияқты күрделі операциялар көрсетіледі.
Іс-шара Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтеді және өңірдегі хирургиялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.