Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қабылдады

Жарияланған күні: 2024-04-10

Бүгін Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына барып қабылдау жүргізген Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар тағайындады.

Қабылдауды Асел Бектенова (кардиолог), Юля Мун (невропатолог дәрігер), Малаева Барно (эндокринолог), Ким Виктор (ангиохирурх), Бижанов Мухит (кардиохирург), Тапаева Бағлан (штаттан тыс бас ревматолог) Бакаев Эрнест (анестезиолог-реаниматолог дәрігер), Бижанов Иухит (кардиолог дәрігер) жүргізді.

Медициналық тексеруден өтуге 100-ден аса адам келді, олардың барлығына тиісті медициналық көмектер көрсетілді.