Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов жұмыс сапары барысында Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаевпен бірге Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбековпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, бүгін облыстық көпбейінді ауруханасы дәрігерлері тиісті жоспарға сәйкес Талас ауданында шеберлік сыныбын өткізіп, тұрғындарды жеке қарап, тексеріп, медициналық-диагностикалық қабылдаулар жасауда.