Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов жұмыс сапары барысында Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповпен кездесті.
Онда өңірдегі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.