Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері М.Жұманқұлов жұмыс сапары барысында Меркі ауданының әкімі Баубеков Ж.Н. кездесті

Жарияланған күні: 2024-04-10

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов жұмыс сапары барысында Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлымен кездесіп,
өңірдегі халықтың денсаулығын жақсарту бойынша қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Жорабек Нұрмергенұлы денсаулық сақтау саласына көмек қолын созатынын және кадр мәселесін шешу жолында медицина қызметкерлерін үймен қамтамасыз етуге қолдау көрсететінін жеткізді.