2025 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында ішектің қабыну аурулары (ІҚО) орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мамандандырылған орталықтың құрылуы аймақтың гастроэнтерологиялық қызметін жақсарту және созылмалы ішек аурулары бар науқастарға жоғары білікті медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.
Бүгінгі таңда облыста ерекше көзқарасты және мамандардың тұрақты бақылауын қажет ететін Крон ауруы мен ойық жаралы колитпен ауыратын 232 науқас тіркелді.
Салтанатты шараның құрметті қонақтары ретінде облыстың гастроэнтерологиялық қызметінің қалыптасуының бастауында тұрған Сейітқасым Үсенбекұлы Тәжбенов пен Ахметова Гүлзада Абылғазиқызы болды.
Рәміздік лента қию рәсімі Сейітқасым Үсенбекұлы Тәжбенов пен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С.Назарбектің қатысуымен өтті. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін облыстағы барлық медициналық ұйымдардың гастроэнтерологтары, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевттері үшін ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.
Конференцияда мамандар ішектің қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, емдеудің инновациялық әдістерін, пациенттерді бағыттау мәселелерін, ерте анықтау және пациенттерді пәнаралық басқарудың маңыздылығын талқылады.
ІҚО орталығының ашылуы мүмкіндік береді:
• Крон ауруы мен ойық жаралы колит ағымының ерте диагностикасын және мониторингін жақсарту;
• пациенттерге заманауи емдеу режимдеріне, оның ішінде биологиялық емдеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
• әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің өзара әрекеттесу деңгейін арттыру;
• халықаралық стандарттарға сәйкес бірыңғай клиникалық тәсілдерді енгізу.
Орталықтың жұмысы науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдегі гастроэнтерологиялық көмекті одан әрі дамытуға бағытталған.





