Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында мониторингтік тексеріс өткізілді

Жарияланған күні: 2026-06-12

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында мониторингтік тексеріс өткізілді Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы маманы В.Г. Когайдың қатысуымен мониторингтік тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында медицина қызметкерлерінің авариялық жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін білу деңгейі бағаланып, тиісті сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, алгоритмдерді жетілдіру және тәжірибеде тиімді қолдану мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті толықтырулар мен ұсынымдар берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру, кәсіби қауіптердің алдын алу және медициналық көмектің сапасын жақсарту.