Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы дәрігерлері Талас ауданында шеберлік сыныбын өткізуде

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың тапсырмасымен облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы (кардиолог, эндокринолог, қантамыр хирургы, кардиохирург, хирург дәрігерлері) медициналық – стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жетілдіру бағытында Талас аудандық орталық ауруханасында шеберлік сыныбын өткізуде.
Аталған іс-шараға шалғай ауылдық елді мекендердің дәрігерлері қатысуда.

Шеберлік сыныбында – видеоэндоскопиялық әдіспен хирургиялық заманауи әдістерді қолдана отырып, операциялар жасалады (лапароскопиялық тәсілмен – холецистоэктомия, эндоскопиялық тәсілмен – өңештен қан кетуді тоқтату, қалқанша без ауруларына – струмэктомия).

Мамандар тиісті жоспарға сәйкес, тұрғындарды жеке қарап, тексеріп, медициналық-диагностикалық қабылдаулар жасады. Оны облысымыздың бас кардиологы Роза Жубандыкова, эндокринолог Асель Зиннулина, ангиохирург дәрігер Мұхан Аманов, кардиохирург дәрігер Нурбол Жалел т.б жүргізді (медициналық қарап-тексеруге 140 пациент ниет білдірді). Тексерілушілердің басым бөлігі - қант диабеті, эндомиялық зоб, жүрек ауруы бойынша шағымдармен жүгінді.

Іс-сапар барысында Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсету үйлестірушісі Марат Жұманқұлов аудан дәрігерлеріне арнайы кеңестер беріп, оның барысында ем қабылдап жатқан пациенттермен тілдесіп, олардың жай-күйін білді.

Талас аудандық орталық ауруханасына тіркелген халық саны –42489. Аурухана 225 төсек қорымен, оның ішінде: 140 тәуліктік төсегімен, аурухана ішілік күндізгі стационар - 30 төсек орнымен қамтылған.

Аудан тұрғындарына 9-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді.