Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасында Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Шара барысында адам жанының арашасы болып жүрген бірқатар медицина мамандары ерен еңбектері үшін құрметке бөленді.
Салтанатты жиынды Тараз қаласы мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Сейітбекұлы ашып, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады. Өз сөзінде бас дәрігер әріптестерінің қажырлы еңбегін, пациенттердің өмірін арашалаудағы өлшеусіз үлесін атап өтіп, зор денсаулық пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аурухананың дамуына еңбегі сіңген бірқатар қызметкерлерді өз қолымен марапаттады.
Аурухана қызметкерлерін құттықтауға Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу ісі бойынша орынбасары Лаура Отарбайқызы арнайы келді. Ол аймақтың денсаулық сақтау саласына қосып жатқан аурухана ұжымының еңбегін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік жиында міндетін мінсіз атқарып, халық денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін аурухананың бірқатар қызметкерлеріне келесідей марапаттар салтанатты түрде табысталды:
Құрмет грамоталары
Алғыс хаттар
Ерекше көзге түскен мамандарға арнайы құрмет көрсетілді. Мерекелік шара ұжым қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламамен жалғасты.