Жаңа облыстық көпбейінді аурухананың құрылысына байланысты оқиғалардың хронологиясы және облыстық көпбейінді аурухананың бақылау кеңесінің жұмысы
Жаңа облыстық көпбейінді аурухананы салу жобасы аясында 19 қарашада «Turar Healthcare» компаниясы өкілдерінің қатысуымен болашақ медициналық кешеннің орнында тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында жер телімдерін дайындау мәселелері, сондай-ақ жобаны іске асырудың басым ұйымдастырушылық кезеңдері қарастырылды. 20 қараша күні Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің төрағалығымен Бақылау кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа Бақылау кеңесінің мүшелері, бас дәрігердің орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысып, кеңестің үш мүшесі онлайн режимде пікірталасқа қосылды. Отырыста ұлттық және аймақтық индикаторлардың орындалуы, ағымдағы жобалардың орындалу барысы, ұйымның одан әрі дамуының негізгі бағыттары қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша қызметті жетілдіруге және нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Бүгін ЖОКБА базасында денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С.Назарбек, аурухананың бас дәрігері М.С. Жұманқұлов және оның орынбасарлары «Turar Healthcare» ұйымының өкілдері – Раушан Бердібековамен, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жоспарлау департаменті директорының орынбасары және осы бөлімнің жетекші маманы Арайлым Зеаенова, кездесу барысында жер телімін дайындау мәселелері және болашақ облыстық көпбейінді аурухана құрылысының негізгі ұйымдастыру кезеңдері талқыланды.


