Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы және жедел респираторлық вирустық инфекциялар семинары өтті

Жарияланған күні: 2025-09-11

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында медицина қызметкерлері үшін Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКГҚ) және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тақырыбында семинар өткізілді.

Семина барысында қаралған мәселелер:

  • алдын алу және дер кезінде диагностикалау бойынша өзекті сұрақтар;
  • инфекциялық қауіпсіздік шаралары мен персоналды қорғау жолдары;
  • күдікті жағдайларды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі.

 Семинарды эпидемиолог дәрігер Кулбаева С.Ж. жүргізіп, тәжірибелік ұсыныстар берді және инфекциялық бақылау ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және инфекциялық аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға ықпал етеді.