Тема: Апталық бас дәрігердің қатысуымен өткен жиналыс
2023 жылдың 21 шілдесі күні Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігердің Жұманқұлов М.С. қатысуымен ауруханалық жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде келесі тақырыптар қаралды:
Астана қаласында 6-7 шілде күндері халықаралық қатысумен «Инсульт мектебі-2023» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Кездесу барысында инсультті диагностикалау, емдеу және оңалту, Қазақстан Республикасындағы инсульт қызметінің жай-күйі туралы маңызды мәселелер талқыланып, оны емдеудің инновациялық әдістерінің соңғы әзірлемелерімен бөлісті. Жамбыл облысынан конференцияға невропатологтар, реаниматологтар, жалпы практика дәрігерлерінен тұратын делегациясын ұсынылды.
Сондай-ақ өңірлерде инсульт қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі, бастамашылдығы, еңбек міндеттерін мінсіз және адал орындағаны үшін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас невропатологы, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының инсульт орталығының меңгерушісі Айгүл Момуналиева марапатталды.
Сонымен қатар аталған форум аясында еліміздің 74 инсульт орталығы арасында байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші орын Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының инсульт орталығы жеңіп алды. Байқауда инсульт орталықтарының қызметі көптеген өлшемдер бойынша бағаланып, пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасына, қызметкерлердің кәсібилігіне және ұйымдастырушылық құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылды.
– Байқаудағы бұл жеңісіміз – аурухана басшылығының және инсульт орталығының барлық көпсалалы командасының үйлесімді жұмысының нәтижесі. Олардың қатарында невропатологтар, реаниматологтар, нейрохирургтар, эндоваскулярлық хирургтар, реабилитологтар, логопедтер , психологтар, рентгенологтар , зертханалық қызмет дәрігерлері, инсульт орталығының орта және кіші медициналық қызметкерлері мен басқаларды ерекше атап өтуіміз керек. Осылайша орталығымыз мұнда ең жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейтінін тағы да дәлелдеді. Олардың кәсібилігі тіпті өте күрделі пациенттердің өмірін сақтап қалуға, тіпті мүгедектіктен құтқаруға мүмкіндік береді.