Бүгін, Республика күні мерекесіне орай, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов еліміздің жоғары мемлекеттік марапаты – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен қоғам алдындағы адал қызметінің айқын дәлелі.
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының ұжымы осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Мықты денсаулық, еңбекте табыс және жаңа жетістіктер мен биіктер тілейміз.
