Талас аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келді

Жарияланған күні: 2025-01-30

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына Талас аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келіп, саладағы жетістіктер мен жаңа тәсілдер жайында пікір алмасып, біліктіліктерін арттырды.

Бұл шара облыстық аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұловтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Аталмыш шараға оның орынбасарлары да қатысып, өзара тәжірибе бөлісті. Олар ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медициналық және стационарлық қызмет сапасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Осындай іс-шаралар медициналық қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды ғана емес, сонымен қатар облыс көлемінде денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жаңашылдық пен сапаның бірігуі – бұл аймақтағы тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек деңгейін одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.