Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына іс-сапар

           Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында

   

     Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында болды.

     Бұл сапардың басты мақсаты – ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және стационарлық қызмет сапасын жақсарту.

    Марат Сейітбекұлы алдымен аурухананың жұмыс барысымен танысты. Ол қабылдау бөлімінен бастап хирургия, реанимация, акушерлік-гинекология бөлімшелерін аралап, олардың жағдайын бағамдады. Сондай-ақ, медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалмады.

    Іс-сапар барысында Марат Жұманқұлов аудан әкімі Ернар Есіркеповпен кездесу өткізді. Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде кадр тапшылығын шешу, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту сияқты мәселелер талқыланды.

      Сонымен қатар облыстан барған медицина саласының білікті мамандары жергілікті тұрғындарға тегін қабылдау жүргізіп, кеңестер берді. Түрлі бейінді дәрігерлер тұрғындардың денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетті. Бұл шара аудан халқы үшін үлкен мүмкіндік болды, өйткені ауыл тұрғындары білікті мамандардың кеңесін алу үшін алысқа бармай-ақ, жергілікті ауруханадан қызмет ала алды.

    Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов сапар соңында жергілікті дәрігерлермен кездесу өткізіп, медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ауылдық медицинаны дамыту – саладағы басты басымдықтардың бірі. Сондықтан өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

      

      Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында өткен өңірдің жетекші хирург- дәрігерлерінің жасаған екінші шеберлік сабағы эндоскопиялық лигирлеуге арналды. Эндоскопиялық лигирлеу — бұл қысқа тесіктер арқылы ішке енгізілген құралдармен тамырларды байлау әдісі. Бұл әдіс әсіресе бауыр циррозы бар науқастарда қан кетудің алдын алу үшін қолданылады. 59 жастағы Г. есімді науқасқа осындай операция жасалды. Ол бауыр циррозы, асцит (су жиналу) және өңештің варикозды кеңеюі диагнозымен келген болатын. Бұл операция науқастың өмір сапасын жақсартып, қан кету қаупін болдырмады.

       Екі ота да жоғары кәсіби деңгейде жүргізілді, бұл — аймақтағы хирургтердің шеберлігінің жоғары екенін көрсетеді. Шеберлік сабақтарының жетекшілері арасында хирургия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, штаттан тыс бас хирург Жандос Сейдахметов және тәжірибелі хирург Жантөре Молдашев болды.

     Жергілікті дәрігерлер осы операциялар кезінде тәжірибелі мамандардан тәжірибелік кеңестер алып, өз кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Мұндай оқыту шаралары дәрігерлердің білімін арттырып, аймақтағы медициналық қызмет сапасын жақсартуға үлкен ықпал етеді.