«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық» тақырыбында дәріс өтті.

Жарияланған күні: 2026-05-15

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық» тақырыбында дәріс өтті.
15 мамыр 2026 жылы ЖОКА-ның заңгері Мукажанов С.Т.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары, пациенттің және дәрігердің жауапкершілігі, сондай-ақ 2024–2026 жылдар аралығындағы заңнамалық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды.
Спикер дәрігерлердің кәсіби қызметіне қатысты құқықтық кепілдіктерді, этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктерін түсіндірді. Сонымен қатар, құқықтық даулардың алдын алу, ішкі комплаенс-процедуралар, медициналық құжаттаманы дұрыс жүргізу және мүдделер қақтығысын басқару бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерінен туындайтын нақты жағдайлар бойынша кеңес алды. Дәріс денсаулық сақтау ұйымдарында ашықтық пен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.