«Сыбайлас жемқорлық» заңыңдағы өзгерістер

Жарияланған күні: 2023-08-02

«Сыбайлас жемқорлық» заңыңдағы өзгерістер

 

2023 жылдың 2 тамызында Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының  бас дәрігердің Жұманқұлов М.С. қатысуымен мейірбикелер арасында ауруханалық жиналыс (конференция) өткізілді. Күн тәртібінде келесі тақырыптар қаралды:

  1. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізілген өзгерістер туралы .
  2. Мейірбике қызметінің 2023 жылғы 6 айлық есебі бойынша.

1-ші тақырып бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізілген өзгерістер туралы» хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сөзінде жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің бірқатар топтамалары әзірленіп, іске асырылды.

Заңнамалық өзгерістердің бірінші топтамасы 2019 жылдың  19 желтоқсанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:

-           Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді;

-           Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы қалпына келтірілді, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді;

-           Сотталған сыбайлас жемқорларға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым енгізілді;

-           Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды;

-           Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазасы қатаңдатылды;

-           Мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында шектеулер енгізілді;

-           Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын шектеу қойылды.

Заңнамалық өзгерістердің екінші топтамасы 2020 жылдың   6 қазанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:

-           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге өзге тұлғалардан сыйлықтарды алуға және өзге тұлғаларға сыйлықтарды сыйға тартуға толық тыйым салынды. (Азаматтық кодекстегі «мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі» толық алынып тасталды. Кез-келген сыйлық мемлекетке тиесілі болғандықтан ондай жағдай орын алса, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өтеусіз өткізу арқылы мемлекеттік мүлік құрамына түсуге тиіс екенін ұмытпаған жөн. Ал қызметтегі жетістіктері және басқа да еңбектері үшін берілетін сыйлықтар бұл тізімге жатпайды);

2-ші тақырып бойынша Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының  бас медбикесі  «Мейірбике қызметінің 2023 жылғы 6 айлық есебі бойынша» баяндады.

Бүгінгі күні ауруханамызда 286 орта медицина қызметкері жұмыс істейді, штаттық кестеге сәйкес 306,5  штат бірлігі, штат саны -100% құрайды: Бүгінгі күні ауруханамызда 204,5 кіші буын  қызметкері жұмыс істейді, штаттық кестеге сәйкес 191 штат бірлігі, штат саны -93% құрайды:

Орта медициналық персоналмен жұмыс істеуде оларды даярлау мәселесіне үлкен мән берілді, біліктілік деңгейін арттыру жұмыстары бойынша хабарлады.

         - айына1 рет  мейірбикелік конференциялар,

         - өзекті мәселелер, негізгі нормативтік құқықтық актілер бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілетін семинарлар,

       - медициналық колледж базасында жетілдіру циклдарынан өту.

       - аттестациялар мен сертификаттар.

       - кварталына 1 рет қызметкерлер арасында анкета жүргізіліп отыру.

Аурухана базасында мамандарды дайындау мақсатында тәлімгерлік қызмет құрылды. Тәлімгер жұмысқа орналасқан жас орта буын мамандарын  3 ай бойы кәсіби біліктілігін арттырып, дәрігерлік этика және деонтология  нормаларын меңгеру, біліктілік дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыс жасайды.

Әр бөлімшенің жұмыс орнында міндетті анықтамалық болуы тиіс мейірбикенің Әдеп кодексін зерделеу жұмысымызда ерекше орын алады. Мейірбикелерге олардың моральдық міндеттерін және пациентке деген шынайы қамқорлығын еске түсіру өте маңызды. Этика және деонтология бойынша барлық орта медициналық қызметкерлердің қатысуымен жыл сайын конференциялар өткізіледі.

Ауруханада медбикелер кеңесі жұмыс істейді. Мейірбикелер кеңесі еңбек тәртібін нығайтумен, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырумен, бөлімшелердің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылаумен, медбикелердің біліктілігін арттырумен, дәрігерлік этика және деонтология мәселелерімен айналысады.

            Медициналық көмектің сапасы, науқастарды күту мәдениеті көбінесе науқастарды тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ететін медбикелердің жұмысымен, әртүрлі диагностикалық және емдік тағайындаулардың орындалуымен анықталады.

2021 жылдан бастап Жол картасы бойынша берілген  «Жамбыл облысы мейірбике ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ құрамына 234 орта буын қызметкері кірді.

Бірлестіктің мақсаты: Орта буын медицина қызметкерлерінің тәжірибиелік және ғылыми мәселерін шешуге ықпал ету;

Медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға жәрлемдесу МҰ басшылығымен өзара іс-қимыл жасау, мейіргер ісін дамытудағы үлесі үшін қызметкерлерді ынталандыру мақсатында жұмыстар жасалуда.

Аурухана мейірбикелері кеңесінің алға қойған міндеттері – мейірбикелердің теориялық және практикалық білімін, кәсіби деңгейін арттыру, жұмыс орнында жұмыс сапасын, жұмысты ұйымдастыру мәдениетін арттыру.

 Аурухана мейірбикелік кеңесінің бақылау функциясы да бар. Орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарында жоспарға сәйкес жұмыс орындарында білімін тексеру, әңгімелесу сияқты іс-шаралар жүргізілетін болады.

Тәуелсіз медбике комитетінің тексеруі; бақылауды күшейту, өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек даулары,кәсіби жауапкершілік жағдайларында этика саласында мейірбике мамандарын құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, мейірбикелік қызметтің жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен технологияларын әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.