Шу аудандық орталық ауруханасына, Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына және Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына іссапар

Жарияланған күні: 2025-12-02

        Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Облыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы үйлестірушілерді бекіту туралы» бұйрығын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысында стационарлық көмекті ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бекітілген Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының мамандары ағымдағы жылдың 27,28 қарашасында Шу аудандық орталық ауруханасына, Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына және Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына іссапар ұйымдастырылды.

        Іссапар барысында облыстық аурухана мамандары аталған медициналық ұйымдардың жұмысымен танысып, стационарлық медициналық көмектің сапасын арттыру бағытында талдау жүргізді. Кардиология, неврология, қан тамыр хирурциясы, эндокринология салалары бойынша бейінді мамандар қабылдау өткізіп, жүрек ырғағы бұзылған, созылмалы аурулары бар азаматтарды тексеріп, кеңес берді.

       Екі күндік іссапар аясында 100-ге жуық науқас қабылданып, аудандық дәрігерлермен бірлескен оқу-тәжірибе алмасу жоспары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, мамандардың қатысуымен 3 науқасқа скопиялық әдіспен ота жасалды.

        Бұл іс-шара облыс көлемінде стационарлық медициналық көмектің сапасын жақсарту, аудан деңгейіндегі мамандардың кәсіби дайындығын арттыру және өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін күшейтуге бағытталды.