Науқастардың жүрегі - сенімді қолда

2018 жылдан бастап бірінші санатты кардиохирург Мұхамедияр Төлегенұлы Жайпанов Жамбыл облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Тараздық жас 2005 жылы мектепті үздік тәмамдап, Алматы қаласындағы
С. Асфендияров атындағы медициналық университетті де үздік бітірген. Сөйтіп, 2013 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында «кардиохирургия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтап, Жамбыл облыстық ауруханасында кардиохирург болып жұмыс істей бастайды.

2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласындағы үздіксіз білім беру медициналық университетінің резидентурасында білім алып, оның бағдарламасын сәтті аяқтады.

2016-2019 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінде PhD докторантурасында оқуын жалғастырып, 2017 жылы Мәскеу қаласындағы Біліктілікті арттыру университетінде аспирантура дәрігерлері арасындағы кардиохирургия саласы бойынша тәжірибе алмасу аясында тағылымдамадан өткен.

2014 жылдан бері Жамбыл облысында Мұхамедияр Төлегенұлының қатысуымен көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға септігі тиген шағын инвазивті хирургия әдісін сәтті енгізу қолға алынды.

Бүгінгі таңда оның кардиохирургиялық бөлімшесі жыл сайын 150-ден астам ашық кардиохирургиялық операцияларды жасауда.

Мұхамедияр Жайпанов практикалық жұмыстармен қатар ғылыми бағдарламаларға да белсенді қатысады. Халықаралық ғылыми журналдар мен жинақтарда 20-дан астам ғылыми-тәжірибелік жұмыстары жарияланған. Бірінші санатты кардиохирург халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конгрестерде бірнеше рет шет тілдерінде баяндама жасаған.

Бірнеше мәрте облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған. Жаңа әдістемелерді меңгеру үшін ол бірнеше рет шетелде, соның ішінде Израильде, Түркияда және еуропалық клиникаларда біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Оның мамандық таңдауына ата-анасы үлкен әсер еткен.
— Әкем дәрігер болып жұмыс істеді, қазір еңбек демалысында. Оның анасы француз тілінің оқытушысы, сондықтан да болар, ол бес тілде еркін сөйлейді және әлемнің барлық заманауи медициналық технологияларынан үнемі хабардар болып отырады.

Мұхамедияр Төлегенұлы жұбайымен төрт бала тәрбиелеп отыр. Айта кету керек, ЖОМБ-да жыл сайын жүрекке ашық 100-ден астам кардиохирургиялық операциялар жасалады, олар негізінен:
* Жасанды қан айналымы және жүрек соғуы бар коронарлық артерияны шунттау;
* Сол жақ қарыншаның аневризмасын кесу (миокард инфарктісінің асқынуы), кейіннен қалпына келтіру;
* Жүрек қақпағын механикалық және биологиялық протездермен ауыстыру және қақпақша пластикалық хирургиясы;
* Ересектердегі туа біткен жүрек ақауларын түзету операциялары және т.б.