Сейітхан Әбдіұлы Әбдиев

Жарияланған күні: 2026-11-03

Адам өмірден өтсе де, оның еліне сіңірген еңбегі, адамгершілік қасиеті мен жарқын бейнесі халық жадында сақталады. Биыл Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан, білікті дәрігер әрі талантты ұйымдастырушы Сейітхан Әбдіұлы Әбдиев 90 жасқа толар еді. Ол бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығын қорғауға арнап, артында мол мұра мен өшпес із қалдырды.

Сейітхан Әбдіұлының еңбек жолы туған жері Жуалы ауданындағы ауылдық ауруханадан басталды. Кейін аудандық туберкулезге қарсы диспансерді, Жуалы орталық аудандық ауруханасын басқарды. Облыстық деңгейдегі бас терапевт, облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары және бас дәрігері қызметтерін атқарып, өңір медицинасының дамуына зор үлес қосты. Оның бастамасымен жаңа бөлімдер ашылып, диагностиканың заманауи әдістері енгізіліп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Ауылдық ауруханадан облыстық денсаулық сақтау саласының жетекші қызметтеріне дейінгі еңбек жолында қандай белестерден өтті. Жуалы ауданында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін қандай жұмыстар атқарды. Облыстық ауруханада жаңа бөлімдер мен диагностикалық қызметтердің ашылуына қалай ықпал етті. Неліктен әріптестері оны талапшыл басшы, білікті дәрігер әрі ұлағатты ұстаз ретінде еске алады.

Сейітхан Әбдіұлының өмір жолы, кәсіби жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен адамдық болмысы туралы дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық ОРДАБЕКОВ дайындаған «Сейітхан Әбдиев - 90.