Облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілігі 3 қазаннан бастап Айтиева көшесі жағынан аурухана аумағына кіру жабылатынын хабарлайды.
Аталған бөлік енді тек жаяу жүргіншілер мен шұғыл қызметтерге (жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция) арналған. Тиісті жол белгілері орнатылған.
Бұл өзгеріс науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл көмек көрсету қызметтерінің кідіріссіз кіруі үшін жасалып отыр.
Енді ауруханаға кіретін жаңа жол – Төле би көшесі жағынан орналасқан. Ол жерде автотұрақ орындары қарастырылған.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Аурухана әкімшілігі.