Өңірлердегі медицина сапасын жақсарту – басты назарда
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері өңірлердегі медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Талас ауданының Ақкөл ауылына іссапармен барды. Сонымен қатар, қабылдауға Ойық және Қызыләуіт ауылдарының тұрғындары да келді.
Көшпелі медициналық көмек барысында 60-қа жуық науқас тексерістен өтіп, қажетті кеңес алды. Дәрігерлер жүрек-қан тамырлары аурулары, эндокриндік аурулар, жүйке жүйесінің бұзылыстары, хирургиялық және гинекологиялық мәселелер бойынша кеңес беріп, бірқатар науқастарға қосымша тексерулер мен емдеу жоспарын белгіледі.
Мамандар сондай-ақ жергілікті медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсарту бағытында ұсыныстарын айтты.
Ауруларды ерте анықтау мен тиімді емдеу жолдары, шұғыл жағдайларда көмек көрсету әдістері талқыланды.
Осындай іс-шаралар шалғай ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беріп, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына оң ықпал етеді.