Жамбыл облысы көпбейінді ауруханасында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Жамбыл облысы көпбейінді ауруханасында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталып, қатысушыларға көтеріңкі рух сыйлады.
Іс-шара барысында аурухананың бас дәрігері Джуманкулов Марат Сейтбекович құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегімен көзге түскен мамандарға алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.
Сондай-ақ, кардиология бөлімшесінің меңгерушісі өз әріптестерін мерекемен құттықтап, кәсіби бірлік пен ынтымақтың маңызын атап өтті.
Іс-шарада «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Махашев Нұрлан мырза сөз сөйлеп, медицина қызметкерлерін марапаттап, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, «Аманат» партиясының атынан бірқатар қызметкерлерге құрмет грамоталары табысталды.
Мерекелік кештің сәнін келтірген — Жамбыл облыстық филармониясының әншілері, Өстемірова Ж., Тинасилова Г., және Жанатбек Қәдіров өз өнерімен көрермендердің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара ұжымның бірлігін, кәсіби рухын және Отанға деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

