Жамбыл облысында бауыр ауруларын емдеудің жаңа әдісімен алғаш рет ота жасалды
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімінде бауыр патологиясын емдеуге арналған жаңа, заманауи аз инвазивті ота алғаш рет жасалды. Оның ерекшелігі - бауырдағы қан кетуді арнайы медициналық технологиялардың көмегімен тоқтатуға мүмкіндік береді.
1947 жылы туған А. есімді науқас ауруханаға іштің қатты ауыруы және оң қабырға астындағы ауырсынуға шағымданып, шұғыл жеткізілді.
Магниттік-резонанстық томография (МРТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) арқылы оның бауырынан қан кетіп жатқан гемангиома (ісік) анықталды.
Науқасқа шұғыл түрде қан кетіп жатқан тамырға эмболизация жасау арқылы ота жасалды.
Бұрын мұндай оталар тек үлкен тіліктер (лапаротомия) арқылы жалпы жансыздандыру арқылы жасалатын.
Әдетте, хирургтар науқастың ішін ашып, қан кетіп жатқан тамырларды күйдіру (коагуляция) әдісін қолданатын. Дегенмен, ол әдіс - науқастар үшін өте ауыр және травматикалық жарақат болып саналатын.
Бұл жағдайда жамбас аймағына кішкентай тесік жасалып, сол арқылы қан тамырына жіңішке табиғи қосылыстарды қосуға арналған қуыс түтік түріндегі медициналық құрылғы енгізілді. Ол арқылы бауырдағы тамырға арнайы қоспа жіберіліп, қан ағымы тоқтатылады.
Пациенттің жағдайы бүгінде жақсарып келеді.
Бұл әдісті аймақта алғаш рет облыстың бас хирургі Жандос Сейдахметов қолданды. Алдағы уақытта мұндай оталар Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында тұрақты түрде жасалатын болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолдауының арқасында бұл операциялар науқастарға тегін, әрі қолжетімді.