Бас дәрігерді аурухана бөлімшелеріне аралау

Жарияланған күні: 2023-08-02

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері М.С. Жұманқұловтың кардиология, проктология және гинекология бөлімшелері бойынша жоспарлы аралау өтті.

Аралау кезінде бөлімшелерде пациенттерді емдеу бойынша ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету сапасына және пациенттерге кейіннен сауалнама жүргізе отырып, пациенттердің қанағаттануына қатысты мәселелер, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды шешу мәселелері қаралды. Қызметкерлермен әңгімелесу барысында емдеудің инновациялық әдістері мен даму перспективаларын талқылады.