Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері дәрігерлер тобымен Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барды

Жарияланған күні: 2024-04-10

Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Т.Рысқұлов ауданында

Облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің хаттамалық тапсырмасына сай,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бұйрығымен облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы ауылдықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мен медициналық – стационарлық қызметтің сапасын дамыту бағытында Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында Марат Жұманқұлов стационарлық ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, аурухана жұмысымен танысып, ішкі талдау-зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесіне назар аударып, олардың бұл бағыттағы ахуалдарымен танысты.