Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Талас ауданында болды

Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері стационарлық қызметтің сапасын арттыру және оның жұмысын жақсарту мақсатында Талас аудандық орталық ауруханасына іссапармен барды. 

Онда бас дәрігердің хирургия және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Жандос Сейдахметов және инфекциялық бақылау және әдістемелік-ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Алмас Исаков стационар жұмысымен танысып, ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, олардың жай-күйін білді. Сондай-ақ, аралау барысында жансақтау бөлімін, бөлімдердегі тазалықты, аппараттардың жұмысын тексеріп, жасалуы тиіс кеңестерін, ұсыныстарын айтып жеткізді.

Сонымен қатар шеберлік сыныбы аясында аудан дәрігерлерімен бірлесіп, хирургиялық заманауи әдістерді қолдана отырып, операция жасалды. 
 
Ал облыстан барған неврапатолог, нейрохирург, кардиолог, кардиохирург, ангиохирург мамандары диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау-сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар дайындады. Бір күнде 100-ден аса адам медициналық тексеруден өтті. 

Іссапар соңында Талас аудандық орталық ауруханасының стационар жұмысының 6 айдағы қорытындысы айтылып, ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетіміділігі мен бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстары баяндалды.

 

 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Жокба Аурухана (@okba.zhambyl)