Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Сарысу ауданында болды

Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлер тобы ауылдықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мен медициналық – стационарлық қызметтің сапасын дамыту бағытында Сарысу ауданына іс-сапармен барды.
 
Іс-сапар барысында невропатолог, гинеколог, кардиолог, қантамыр хирургі, кардиохирург және хирург дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау-сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар дайындады. 

Айта кетейік, бір күнде медициналық тексерілуден  100-ге жуық адам өтті. Сонымен қатар облысымыздің білікті хирургтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныбы аясында күрделі операция жасады. 

Сондай-ақ, бас дәрігердің орынбасарлары стационарлық ем қабылдап жатқан пациенттермен тілдесіп, аурухана жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарының денсаулығы мен медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесіне назар аударып, олардың бұл бағыттағы ахуалдарымен танысты. 

Іс-сапар соңында аудан дәрігерлеріне семинар өткізіп, арнайы кеңестер берді.

 

 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Жокба Аурухана (@okba.zhambyl)