Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері Байзақ ауданында болды
Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы (кардиолог, эндокринолог, қантамыр хирургы, кардиохирург, хирург дәрігерлері) ауылдықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мен медициналық – стационарлық қызметтің сапасын дамыту бағытында Байзақ ауданына іс-сапармен барып, аудандық аурухана мен емханасының жұмысымен танысып, ішкі талдау-зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Облыстық дәрігерлер диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар тағайындады.
Іс-сапар барысында Марат Жұманқұлов аудан әкімі Бақыт Алпыспайұлымен кездесіп, өзекті тақырыптарды қарады, оның ішінде дәрігер тапшылығы жөніндегі мәселеге айрықша тоқталды. Нәтижесінде кадр мәселесін шешу жолында аудан әкімі медициналық қызметкерлерге жалдамалы пәтерден екі үй берілетінін айтты.
Іс-сапар соңында аудан дәрігерлеріне семинар өтті және арнайы кеңестер айтылды.
@densaulyk.zhambyl