Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов Меркі ауданына іс-сапармен барды

Жарияланған күні: 2024-04-10

Облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы ауылдықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мен медициналық – стационарлық қызметтің сапасын дамыту бағытында Меркі ауданына іс-сапармен барды.

 

Іс-сапар барысында Марат Жұманқұлов стационарлық ем қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, аурухана жұмысын көріп, ауыл тұрғындарының денсаулығы мен медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесіне назар аударып, олардың бұл бағыттағы ахуалдарымен танысты.

Сонымен қатар аудан қызметкерлеріне Марат Жұманқұлов пен емдеу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Қазанғапова семинар өткізіп, арнайы кеңестер берді.
@densaulyk.zhambyl