Облыстық аурухана дәрігерлері Сарысу ауданында қабылдау жүргізді
Бүгін Сарысу аудандық орталық ауруханасына барып қабылдау жүргізген Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын және аяғы ауыр аналарды қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізіп, бірқатарына жаңа нұсқамалар тағайындады. Кейбір генетикалық және жүре пайда болған ауруы бар аналарға облыстағы емдеу мекемелерінде ем қабылдауы үшін жолдамалар берілді.
Бұл күні Сарысу ауданында Бектенова Асель - кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, Көрпебаева Майра – күндізгі стационар бөлімшесінің меңгерушісі, невропатолог дәрігері, Зиннулина Асель - эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі, штаттан тыс бас эндокринолог дәрігері, Бағлан Тапаева — штаттан тыс бас ревматолог, Аманов Мұхан - штаттан тыс бас ангиохирург дәрігері, Жайпанов Мұхамедияр - кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі қабылдау жүргізді.
Медициналық тексеруден өтуге жүзден аса адам келіп, олардың барлығына тиісті медициналық көмектер көрсетілді.