Облыстық аурухана дәрігерлері Меркі ауданында болды

Жарияланған күні: 2024-04-10

Облыстық аурухана дәрігерлері Меркі ауданында болды

Бүгін Меркі аудандық орталық ауруханасына барып қабылдау жүргізген Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері диспансерлік есепте тұратын пациенттерді қарап, оларға медициналық талдау- сараптау жүргізді.

Қабылдауды Асел Бектенова (кардиолог), Юля Мун (невропатолог дәрігер), Малаева Барно (эндокринолог), Ким Виктор (ангиохирурх), Бижанов Мухит (кардиохирург), Тапаева Бағлан (штаттан тыс бас ревматолог) Бакаев Эрнест (анестезиолог-реаниматолог дәрігер), Бижанов Иухит (кардиолог дәрігер) жүргізді.

Медициналық тексеруден өтуге келген пациенттерге тиісті медициналық көмектер көрсетілді.