Наурыз мейрамы

Жарияланған күні: 2024-03-21

Наурыз мейрамын Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы қызметкерлері кең көлемде атап өтті

Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі және көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын білдіреді. Биылғы жылы Наурыз мейрамы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңаша мәнде, креативті түрде, ерекше элементтерді енгізу арқылы өтуде.

Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының аумағында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті.
Бұл жолы бас дәрігер Марат Жұманқұлов бастаған аурухана ұжымы ерекше мерекелік шара өткізіп, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын көріністер көрсетті.

Әшекейленген киіз үй есігін айқара ашып, көшпенділердің дәстүрлі тұрғын үйінің безендірілуін паш етті.

Әрбір бөлімше Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін таныстырды, ал медицина қызметкерлері ұлттық киіммен қонақтарды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды.

Мерекені ресми түрде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова ашты. Наурыз мерекесімен құттықтап, сала мамандарына зор денсаулық, отбасылық амандық және өркендеу тіледі.

Сондай-ақ, аурухана қызметкерлері мен іс-шара қонақтарын Марат Жұманқұлов, денсаулық сақтау ардагерлері Сабыр Оспанов пен Сағындық Ордабеков, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Манат Сейдуманов та құттықтады.
Қатысушылар Наурыз мейрамына орай ата-бабаларымыздың мол мұрасын насихаттайтын шараларды тамашалап, көне салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан сыр шертетін концерттік бағдарламаны көрді.

Ұжымның шығармашылық ұйымшылдығы арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтті.

@densaulyk.zhambyl