Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, медициналық – стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту мақсатында, 15 қазанда Меркі аудандық ауруханасында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының мамандары шеберлік сыныптар мен дәрігерлік қабылдау өткізді.
Шеберлік сыныбында гинекологиялық және абдоминалды оталар скопиялық әдіспен жасалса, кардиолог, невропатолог эндокринолог, қантамыр хирургы, хирург, проктолог, гематолог, ревматолог, реаниматолог дәрігерлері, дәрігерлік, кеңес көмек көрсетті.
15 қазанда Жамбыл облысы көпбейінді ауруханасы ұжымының жұмыс сапармен Меркі аудандық ауруханасына бару кезінде, облыстық аурухана басшысы Жуманкулов Марат Сейтбекович, Меркі ауданы әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы және аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлымен кездесіп, Меркі ауданындағы медицинаның даму жоспары және түйткілді мәселелерін талқылады. Кездесу барысында жас мамандарды ынталандыру, баспанамен қамтамасыз ету және жаңа мамандарды даярлау мәселелері қаралды!