Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының конференц-залында салтанатты жиын өтті.

Жиын барысында медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетті.

Салтанатты шарада аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов сөз сөйлеп, ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздіктің айшықты белгісі екенін атап өтіп, медицина қызметкерлеріне жауапты қызметтеріне табыс, зор денсаулық пен отбасылық амандық тіледі.