«Мектепке жол!»

Жарияланған күні: 2023-08-22

«Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның  әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына «Жақсылық жаса!» ұранымен қатысу мақсатында, аурухана мәжіліс залында аз қамтылған көп балалы 3 отбасы балаларына  оқу құралдары салынған сөмке, асыраушысы жоқ  4 балаға спорттық киім және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған аурухана қызметкерлерінің  39 балаларына  оқу құралдары салынған 1 сыныпқа арналған  сөмкені  бас дәрігер Марат Сейтбекұлы Джуманкулов балаларға ізгі  ниетін білдіріп ақжолтай тілектерін  айтып тапсырды.