«Мейіргерлік үдеріс» тақырыбымен семинар өтті

Жарияланған күні: 2024-04-11

Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының нейроинсульт бөлімшесінің аға мейіргері Ляззат Ферментаевна «Мейіргерлік үдеріс» тақырыбында семинар өткізді.

Қазіргі уақытта мейіргерлік үдеріс – мейіргерлік білімнің өзегі болып табылады және мейіргерлік көмектің теориялық ғылыми базасын жасайды.

Бұл – мейіргерлік практиканың ғылыми әдісі, сондай-ақ пациент пен мейіргер арасындағы туындайтын мәселелерді екі жаққа да қолайлы күтім жоспарын орындаудағы жүйелі жол болып табылады.

Күтім нәтижелерін бағалау кезіндегі алынған ақпарат – қажетті өзгерістерге, кейінгі араласуларға, мейіргер әрекеттеріне негізделеді.

Мейіргерлік үдеріс қазіргі заманғы мейіргер ісіндегі модельдерінің негізгі және ажырамас ұғымдарының бірі, мақсаты – пациенттің тәуелсіздігін сақтау және қалпына келтіру.