Демекова А.Қ. "Медицинаға сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды

Жарияланған күні: 2023-09-25

Бүгін Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы., Қазақстан республикасының құрмет орден иегері., қоғам белсендісі Ермеков Дүкенбай Сайлаубекович арнайы келіп Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі Демекова Арайлым Қалжырбекқызын «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің "Медицинаға сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапаттады.
Аталған марапаттау кезінде ардагерлер одағының төрағасы дәрігерге атқарып жатқан жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.