Медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадада «Иммунитет» командасы ІІ орын иеленді

Жарияланған күні: 2025-10-13

 

Медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадада «Иммунитет» командасы ІІ орын иеленді

2025 жылғы 11 қазан күні Қазақстан кәсіподақтарының 120 жылдығына және 25 қазан – Республика күніне орай медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Спартакиаданың басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті арттыру және спорттық белсенділікті дамыту болды.

Аталған шараға өңірдің әртүрлі медициналық ұйымдарының командалары қатысып, түрлі спорт түрлері бойынша өзара сайысқа түсті.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы мен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қызметкерлерінен құралған «Иммунитет» командасы спартакиадаға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Команда мүшелері 6 спорт түрі бойынша бақ сынап, үстел теннисі, арқан тарту және армрестлинг жарыстарында жүлделі орындарға ие болды. Жарыс нәтижесінде «Иммунитет» командасы жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленіп, кубокпен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл жетістік ұжым мүшелерінің бірлігі мен табандылығының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің спорт пен салауатты өмір салтына деген ұмтылысының айғағы болып табылады.