Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары

Жарияланған күні: 2026-07-24

2026 жылғы 24 шілде күні Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аса қауіпті инфекциялар бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіру, эпидемиологиялық қырағылықты күшейту, аурудың алдын алу, ерте анықтау және індетке қарсы іс-шараларды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылау болды.

Семинарды Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігердің ИБ орынбасары С.М.Багибаев ашып, медицина ұйымдарындағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында:

* К.Р. Рахимов – Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы республика мен облыстағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.
* Т.Ж. Шымырбаев – Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, диагностикасы, емдеу тактикасы, сондай-ақ 2025–2026 жылдардағы сырқаттанушылық мониторингі жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
* А.А. Кутумова – Жамбыл облыстық Ұлттық сараптама орталығының маманы аса қауіпті инфекциялар кезінде зертханалық сынамаларды дұрыс алу, сақтау және тасымалдау талаптары бойынша түсіндірме жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Осындай білім беру іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға, аса қауіпті инфекцияларға жедел әрекет ету дайындығын күшейтуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған.