Гонконг тұмауы

Жарияланған күні: 2025-12-09

         Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында эпидемиолог дәрігер Кулбаева С.Ж. орта медициналық қызметкерлеріне арналған «Гонконг тұмауы» тақырыбында оқу сабағын өткізді.

         Іс-шара барысында қатысушыларға аурудың клиникалық ерекшеліктері, вирустың таралу жолдары, алдын алу шаралары және күдікті белгілері бар науқастарды анықтаған кездегі іс-әрекеттер алгоритмі түсіндірілді. Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және мамандарды дер кезінде хабардар ету маңыздылығы атап өтілді.

          Осындай оқу кездесулерін өткізу медицина қызметкерлерінің маусымдық эпидемиологиялық қауіптерге дайындығын арттыруға және мекемедегі инфекциялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға ықпал етеді.