Жарияланған күні: 2026-04-07



Медициналық қызметкерлерге арналған семинар туралы ақпарат
Медициналық ұйымымызда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (МККБИ) алдын алу және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыптары:
•медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар (МККБИ);
•медициналық қызметкерлердің қолды өңдеу техникасы;
•АИТВ инфекциясының эпидемиологиясы, алдын алу шаралары;
•В және С вирусты гепатиттерінің таралу жолдары және профилактикасы.
Семинар басталар алдында қатысушы медициналық қызметкерлердің білім деңгейін бағалау мақсатында pre-test (алдын ала тестілеу) жүргізілді. Бұл тестілеу қатысушылардың бастапқы білімін анықтауға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Оқыту барысында инфекциялық бақылаудың заманауи талаптары, қол гигиенасының халықаралық стандарттары, сондай-ақ қан арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша нақты алгоритмдер түсіндірілді. Медициналық қызметкерлерге күнделікті тәжірибеде қолдануға арналған практикалық ұсыныстар берілді.
Аталған іс-шара медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға бағытталған.