


Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында дәрігер-эпидемиологтар Рахимова Г.Т. мен Сапарбаева Н.К. медициналық қызметкерлерге аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша оқу-семинар өткізді.
Семинарда Сібір жарасы, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы және құтырудың эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы мен профилактикасы қарастырылды. Қатысушылардың білім деңгейі pre- және post-test арқылы бағаланды.
Теория тәжірибемен ұштастырылып, қызметкерлер қорғаныш костюмін кию және шешу дағдыларын меңгерді. Қорытындысында қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды.