«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні»

Жарияланған күні: 2023-06-01

«1-маусым  Халықаралық балаларды қорғау күніне»  орай  Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинатальдық орталығында  әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының  ұйымдастыруымен  мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке  қарсаңында  дүние есігін ашқан нәрестелерге ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Оспанұлы батасын беріп, ақжаулықты анамыз Еркін Жұмалықызы аналық ақтілегін арнап, кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Рысалықызы,  неонатология бөлім меңгерушісі Лора Хусеинқызы мен  кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Диас Кентай  ана мен баланың денсаулықтарының зор болуына тілек білдіріп, сәбилерге ұлттық нақышта тігілген көкрекшелер  сыйға берілді.