Еңбек күніне орай Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының әкімшілігі мен «QazMed» медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы медицина саласында 30 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлерді құттықтап, құрмет көрсетті.
Саналы ғұмырын адам денсаулығын сақтауға арнаған жандардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Олардың кәсіби білімі, мол тәжірибесі мен жауапкершілігі аурухана қызметінің дамуына қосылған құнды үлес болып табылады. Әрқайсысының еңбек жолы — өз ісіне адалдықтың, табандылық пен адамға деген жанашырлықтың үлгісі.
Мереке аясында төмендегі еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді:
1. Кошкаров К.А. — проктология бөлімшесі
2. Алибекова С.Т. — ревматология бөлімшесі
3. Калдыбаева Г.Б. — ревматология бөлімшесі
4. Калисаева М.С. — ревматология бөлімшесі
5. Сматова М.С. — диагностика бөлімшесі
6. Альжанова Г.С. — диагностика бөлімшесі
7. Ниязбекова С.М. — диагностика бөлімшесі
8. Хайрединова С.Б. — диагностика бөлімшесі
9. Корпебаева М.А. — күндізгі стационар
10. Шарафутдинова А.З. — бухгалтерия
11. Иманмусаева Г.К. — нейроинсульт бөлімшесі
12. Жубандыкова Р.М. — кардиология бөлімшесі
13. Онгарова К.Ш. — гематология бөлімшесі
14. Калыбаева Гульнар — қабылдау бөлімшесі
15. Ахмедова Зульфия — реанимация бөлімшесі
16. Агапова Наталья — проктология бөлімшесі
17. Кудайбергенова А. — кардиология бөлімшесі
18. Касмакасова К.М. — клиникалық-диагностикалық зертхана
Еңбек ардагерлерін құрметтеу — олардың көпжылдық қызметіне алғыс білдіру, ұжымдағы кәсіби дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Медицинаға арнаған әрбір жылдарыңыз бен халық денсаулығы жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
ЖОМБ әкімшілігі мен «QazMed» кәсіподағы баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілейді!
*Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!*

