Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!

Жарияланған күні: 2026-02-17

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалицияның мүшелері Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы ұжымымен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасының мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сондай-ақ қоғамның әділетті әрі прогрессивті дамуына бағытталған негізгі басымдықтары жан-жақты баяндалды. Маңызды басқосу ашық пікір алмасу алаңына айналып, конституциялық реформалардың қоғамдық маңызы мен оларды тиімді іске асыру жолдары кеңінен талқыланды.